02.07.2015, 12:05 3386

Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзған 1000-нан аса шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Көші-қон полициясы басқармасы мен бөліністерініӊ қызметкерлері ағымдағы жылдыӊ 6 айында Департаменттіӊ қызмет көрсету аумағында көші-қон процесстерін бақылауды қамтамасыз ету және ҚР көші-қон заӊнамасын бұзған азаматтарды анықтау және оған жол бермеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Көші-қон полициясы басқармасы мен бөліністерініӊ қызметкерлері ағымдағы жылдыӊ 6 айында Департаменттіӊ қызмет көрсету аумағында көші-қон процесстерін бақылауды қамтамасыз ету және ҚР көші-қон заӊнамасын бұзған азаматтарды анықтау және оған жол бермеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊсыз көші-қон арналарыныӊ жолын кесу және жою мақсатында жыл басынан бері "Мигрант", "Құқықтық тәртіп", "Заӊсыз келуші" және тағы басқа да жедел - алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Шет елден келген азаматтарға бақылаудыӊ күшейтілуініӊ арқасында қылмыс жасаған шетелдіктердіӊ саны өткен жылмен салыстырғанда 67% - ға қысқарды.

Жыл басынан бері көші-қон заӊнамасын бұзу бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды, оныӊ 11-і мемлекеттік шекараны заӊсыз кесіп өткен (ҚР ҚК 392-бабы), 12-сі ҚР аумағынан шығару туралы сот қаулысын орындамаған (ҚР ҚК 393-бабы), 4-еуі заӊсыз көшіп-қонуға қатысты(ҚР ҚК 394-бабы).

Үстіміздегі жылдыӊ 6 айында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзған 1031 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон заӊнамасын қасақана бұзғаны үшін сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан тысқары 170 шетелдік шығарылды.

Қоғамдық орындарында тиіскендері үшін 13 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы сот қаулысымен елден тысқары шығарылды.

Жалпы салынған айыппұл сомасы 792.800 мыӊ теӊгені құрайды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны