27.05.2015, 09:01 4931

Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыӊғай тестілеуге дайындалу туралы

2015 жылдыӊ 2-ші мен 8-ші маусым аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыӊғай Тестілеу өткізіледі. ҰБТ-ға дайындық Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдіӊ кеӊсесінде бақылауға алынған

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 2-ші мен 8-ші маусым аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыӊғай Тестілеу өткізіледі. ҰБТ-ға дайындық Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдіӊ кеӊсесінде бақылауға алынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҰБТ-ны өткізу сұрақтары бойынша жиналыс 13 сәуір Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасарымен қарастырылса, 19 мамыр - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ отырысында қарастырылды.

22 мамыр ҰБТ-ныӊ ұйымдастырушылығы мен объективті өтуіне мүдделілік білдірген ҚР Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және ҚР Ішкі істер минитсрлігі өкілдерімен жиналыс өткізілді.

15 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде алда болатын Ұлттық Бірыӊғай Тестілеу туралы брифинг ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік комиссиямен ҰБТ болатын жерлерді саралап ( ҰБТ ӨБ) емтиханды тапсыру үшін барлық оӊтайлы жағдайды жасау үстінде. ҰБТ-ны ұйымдастыру Министрліктіӊ апталық апараттық жиналысында қарастырылады.

Орталық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету мен тестілеу кезінде болатын даулы мәселелерге рұқсат беру, сондай-ақ ҰБТ өтетін уақыт аралығында қатысушылардыӊ құқықтарын қорғау бойынша, барлық ҰБТ өтетін бекеттерде аппеляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия мен аппеляциялық комиссия жасақталады. Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ барысында келіп түскен түлектер мен ата-аналардыӊ шағымдарына жедел түрде жауап беру мақсатында ҰБТ өткізу бойынша үйлестіру штабын орнатады. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб өз жұмысын атқаратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны