16.03.2018, 23:14 4655

Қазақстан Республикасыныӊ аумағында құрылыста пайдаланылатын жаӊа құрылыс материалдары сыналды

Сынаулар барысында, дірілдеткіш машинаныӊ көмегімен ғимараттыӊ фрагменті кернеулік күйге енгізілді және 9-баллдық жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық әсермен салыстыруға болатын динамикалық жүктемені өткерді

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми -зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) Орталық ғылыми -зертханасыныӊ базасында Қазақстан Республикасыныӊ аумағында құрылыста пайдаланылатын жаӊа құрылыс материалдары сыналды. Сынаулар барысында, дірілдеткіш машинаныӊ көмегімен ғимараттыӊ фрагменті кернеулік күйге енгізілді және 9-баллдық жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық әсермен салыстыруға болатын динамикалық жүктемені өткерді.

"Біздіӊ міндетіміз құрылыс конструкцияларын қирауға дейін жеткізу болған жоқ, алайда осы панельдерге түскен жүктемелер шынайы 9-баллдық жер сілкінісі кезінде алуға болатын жүктемелерден асып түсті. Динамикалық жүктемеден басқа, жер сілкінісі кезінде байқауға болатын қабаттардыӊ горизонталды көлбеуленуі пайда болады. Осылайша, ұқсас вибродинамикалық сынаулар тексеруден сәтті өткен құрылыс материалдарын кез-келген биіктіктегі ғимараттарға қолдануға болатынына кепілдік береді." - деп "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Көпқабаттылық зертханасыныӊ меӊгерушісі, техника ғылымдарыныӊ кандидаты Игорь Ицков түсіндірді.

Өз кезегінде, Сергей Чуднов, SAPATEK Алматы үй құрылысы комбинатыныӊ техникалық директоры бұл конструкциялар қайда қолданылатынын айтып берді.

"ҚазҚСҒЗИ-мен біз көптен бері серіктеспіз. Өткен жылы біздіӊ аспалы қабырғалық панельдерімізді сынадық, осы жылы кіріктірілген қабырғалық панельдерді сынадық. Бұл конструкциялар көп қабатты тұрғын ғимараттары үшін сыртқы конструкцияларды қоршайтын құрылыста пайдаланылады."-деді Чуднов.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - Қазақстанныӊ, оныӊ ішінде инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандардыӊ және сейсмикалық қауіпті өӊірлердіӊ құрылысын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылы 7 қыркүйекте құрылды. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 87-жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

SAPATEK Алматы үй құрылысы комбинатыныӊ негізі 2007 жылы қаланған және метал конструкцияларын және авторлық өнім - sapatek* панельдерін өндіру бойынша Алматы қаласында өзініӊ зауыты бар. Sapatek осы саладағы әлемдік көшбасшы framecad-пен серіктес бола отырып, Қазақстанға метал конструкцияларымен жұмыс істеудіӊ инновациялық технологиясын алғашқылардыӊ бірі болып алып келді.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ PR-қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны