05.06.2015, 13:57 5707

Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық Бірыӊғай тестілеуде еӊ жоғары балл алған түлектерге жазбаша құттықтау хатын жолдады

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - "Өздеріӊніӊ көрсеткен нәтижелеріӊмен сіздер тек ерекше ой қабілеттіліктеріӊніӊ жоғары екендігін көрсетіп қана қоймай, білімге деген құштарлық пен еӊбекқорлық мінездерінді дәлелдей білдіндер"- деп құттықтау хатында айтылған. Білім беру ведомствасыныӊ басшысы сонымен қатар, тер төгіп мектеп қабырғасында білім алған еӊбектеріӊніӊ жемісі ендігі кезеӊде беделді жоғары оқу орындарына түсуге айқара есік ашып тұрғандығын айтып өтті. Болашақта қандай мамандық таӊдауларыӊызға қарамастан, көшбасшылық пен табыс сіздер үшін жақсы дәстүр бола берсін" - деді министр А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ү.ж. 5 маусым есебі бойынша ҰБТ-дан еӊ жоғары балдық нәтижені төрт оқушы көрсетті. Олар Гульназ Ердосова, Тараз қаласыныӊ №45 қазақ классикалық гимназиясыныӊ түлегі, Риана Мустафина, Астана қаласыныӊ №59 мектеп-лицейініӊ түлегі, Сымбат Самат, БҚО Теректі ауданыныӊ "Үміт" лингвистика гимназиясын бітіруші түлек және Лаура Абдразимова ОҚБ Түлкібас ауданыныӊ үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп-интернатыныӊ түлегі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны