05.01.2007, 17:20 2961

Қазақстан Республикасының cыртқы істер министрлігі АҚШ елшілігінің Алматы облысындағы кришнаиттар үйін қиратуға қатысты мәлімдемесін орынсыз деп санайды

АСТАНА. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының cыртқы істер министрлігі Астанадағы АҚШ елшілігінің мәлімдемесіy орынсыз деп санайды, онда "Общество сознания Кришны" діни бірлестігінің мүшелеріне тиесілі үйлерді қиратуға қатысты американдық дипломатиялық мекеме өз наразылықтарын білдірген. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР СІМ бөлім бастығы Гаухар Бейсеева құлағдар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Қарасай ауданының билік басшылары Алматы төңірегіндегі "Общество сознания Кришны" халықаралық бірлестігіне қарсы басқыншылық науқанын одан әрі жалғастырып отырғандығына" елшінің алаңдап отырғандығын жария етті",- деді Г. Бейсеева. Оның сөзіне сүйенсек, мәлімдемеде "Общество сознания Кришны" бірлестігіне қарсы бағытталған әрекеттің заңды негізіне алаңдаушылық танытылған. "Бұл істің негізінде не жатса да, үй иелерін қақаған аязда далада қалдыру мен олардың мүліктерін жою әділеттік принциптеріне қайшы келеді"- делінген деп СІМ қызметкері елшілік мәлімдемесінен үзінді келтірді.

Осыған байланысты ҚР-дағы АҚШ елшісіне СІМ тарапынан елшілік мәлімдемесінің орынсыз екендігі туралы хат жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны