20.02.2015, 21:55 3771

Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтыӊ Франция Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесуі туралы баспасөз парағы

Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов Франция Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов Франция Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу қатысушылары қылмысқа қарсы күрес саласына, әсіресе экстремизм мен заӊсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға қатысты екіжақты халықаралық ынтымақтастықты сөз етті.

Франция жағы ҚР ІІМ-ні қызықтырған бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Кездесу өзара түсіністік жағдайында конструктивтік диалогқа құрылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-ніӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны