25.07.2018, 23:31 3598

Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті

Дархан Кәлетаев қазіргі уақытта талқылаудан өтіп жатқан діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заӊ жобасына Православ шіркеуі өкілдерініӊ де қатысқанын айтты. "Заӊ жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар дінді деструктивті мақсатта пайдалану жағдайларын барынша азайтуға және діни радикализмныӊ алдын алуға бағытталған", - деп атап өтті министр.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті.

Кездесу барысында Патриарх Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатын ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діндер арасындағы, оныӊ ішінде православ дінімен де арадағы өзара сұхбат сындарлы түрде дамып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Д. Кәлетаев республикада православие христиандарыныӊ діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Астанада төртінші Православие шіркеуін салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жаӊа православ ғибадатханасыныӊ құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу мәселесі шешіліп, объектініӊ құрылысы үшін жер учаскесі анықталды. Құрылыс жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Дархан Кәлетаев қазіргі уақытта талқылаудан өтіп жатқан діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заӊ жобасына Православ шіркеуі өкілдерініӊ де қатысқанын айтты. "Заӊ жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар дінді деструктивті мақсатта пайдалану жағдайларын барынша азайтуға және діни радикализмныӊ алдын алуға бағытталған", - деп атап өтті министр.

Патриарх мемлекеттіӊ дін саласындағы негативті процесстерді бақылау қажеттігімен келісетінін атады.

Орыс Православ Шіркеуініӊ басшысы жат діни идеологияныӊ алдын алу, патриоттық тәрбие беру және рухани тұлғаны қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептерде дін тақырыбындағы пәндерді оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Дархан Кәлетаев Патриарх Кириллге дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Орыс Православие Шіркеуініӊ өкілдеріне Астанада өткен дінаралық форумдардыӊ, сондай-ақ аталған форумдардыӊ Хатшылығы мен Жұмыс тобыныныӊ қызметіне қатысқаны және қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізді.

Кездесу соӊында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Ресейде Қазақстанныӊ тұрақты дамуына және оныӊ халықаралық аренадағы беделініӊ нығаюына қуанышты екенін айта келе, Қазақстан билігініӊ конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатына толық қолдау білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны