22.08.2007, 15:16 2924

Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібінің мыңнан астам жұмысшысы мемлекеттік және мекемелік марапаттарға ие болды

Кеншілер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібінің мыңнан астам жұмысшысы мемлекеттік және мекемелік марапаттарға ие болды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Кеншілер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібінің мыңнан астам жұмысшысы мемлекеттік және мекемелік марапаттарға ие болды. Бұл туралы бүгін, кәсіби мерекенің 60 жылдығына орай салтанатты жиналыста сөз алған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақытқожа Ізмухамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Республикасының экономикасында көмір өнеркәсібінің маңызды роль атқаратынын ескере отырып, еліміздің Энергетика және минералды ресурстар министрлігі көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағымен бірлесе отырып президенттің әкімшілігіне көмір өндіретін компаниялардың өндіріс озаттарын мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау туралы ұсыныс енгізген болатын",- деді ол.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мереке алдында министрліктің бұйрығымен осы саланың 1059 жұмысшысы мекемелік құрмет наградасымен марапатталды.

"Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібі ел экономикасындағы ең ірі салалардың бірі болып табылады", - деп атап көрсетті Энергетика және минералды ресурстар министрі.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан көмір қоры бойынша дүниежүзінде сегізінші орынды алады және қордың жалпы әлемдік көлемінің 4 пайызы жер қойнауында жатыр. Ел аумағындағы көмір өндіру жұмыстарын 33 компания жүргізіп отыр, олардың 28 отандық компаниялар. Көмір өндірудің көлемі жылына 96 - 97 тоннаны құрайды. 2015 жылға дейін көмір өндіру мөлшерін 120 - 130 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Соңғы 10 жылғы жер қойнауын игеруге 3 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалған. "1996 жылмен салыстырғанда капитал салымы 10 есеге өскен және 2006 жылдың қорытындысы бойынша 428,7 млн АҚШ долларын құрап отыр",- деп атап өтті Б. Ізмұхамбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны