16.10.2015, 11:44 4264

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова "Болашақ" бағдарламасыныӊ жыл сайынғы халықаралық конференциясын (BARCEF - 2015) ашты

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, отандық және халықаралық сарапшылар, "Болашақ" бағдарламасыныӊ серіктестері - Қазақстанныӊ және шетелдік жоғары оқу орындарыныӊ өкілдері қатысты

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Конференция жұмысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, отандық және халықаралық сарапшылар, "Болашақ" бағдарламасыныӊ серіктестері - Қазақстанныӊ және шетелдік жоғары оқу орындарыныӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құттықтау сөзінде Гүлшара Ибдіқалықова Қазақстан Президентініӊ бастамасымен ашылған "Болашақ" бағдарламасы арқылы бүгінге дейін 8 мыӊнан астам жоғары білікті мамандар даярланғанын атап өтті. Қазіргі кезде олар ұлт экономикасыныӊ түрлі салаларында - 2 000-нан аса маман өнеркәсіптік және аграрлық секторда, 2 000-ға жуығы білім саласында, 1 500-ге жуығы ақпараттық технологиялар және коммуникациялар саласында табысты еӊбек етуде. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Г.Ибдіқалықова "Болашақ" бағдарламасы Бес институционалдық реформа, Ұлт жоспары, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында дамып жатқанына тоқталды. Мемлекеттік хатшы елдіӊ адами капиталыныӊ сапасын жоғары білікті кадрлар үшін бәсекелестік күрес жағдайында арттыру қажеттігіне назар аударды. Гүлшара Ибдіқалықованыӊ айтуынша, стипендиаттарды сапалы іріктеу, неғұрлым дарынды жастарды тарту және ұлттық экономиканы дамытудыӊ басымдығы бар бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру ісі басты назарға алынады.

Мемлекеттік хатшы конференцияға қатысушыларды "Болашақ" бағдарламасыныӊ жаӊа бесжылдық даму жоспары аясында ұсынылған бастамаларды жан-жақты талқылауға шақырды.

Соӊында Г.Ибдіқалықова әрбір стипендиатқа жұмсалған мемлекеттік инвестиция ел экономикасын дамыту үшін және "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ басты мақсаты - әлемніӊ неғұрлым дамыған озық елініӊ қатарына қосылу үшін жаӊа білім және машықтарды игеру арқылы еселеніп қайтатынына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны