27.02.2009, 18:25 3578

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа мәжілісінде мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың үш шешуші бағыты айқындалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа мәжілісінде мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың үш шешуші бағыты айқындалды

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Арын Орсариевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа мәжілісі өтті, онда 2008 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың мақсаттары айқындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қоғаммен байланыс басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасының президент әкімшілігі, премьер -министр кеңсесінің өкілдері, мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, агенттіктің аймақтық басқарма бастықтары - тәртіптік кеңестердің төрағалары мен агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Агенттіктің басшысы Арын Орсариевтың баяндамасында әкімшілік реформа барысында агенттік тарапынан мемлекеттік қызмет жүйесін жаңарту бағытында ауқымды жұмыстардың атқарылғаны айтылды. "Ел бәсекелестігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясындағы Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің оқу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мен Мемлекеттік қызметтің қызметкерлерін басқару жөнінде ұлттық орталық құрылуда. Қазіргі таңда олардың ұйымдық қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдың басынан әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының жаңа реестрі қолданысқа енді. Жаңа реестрге сәйкес типтік біліктілік талаптары бекітілді, сондай-ақ ол белгілі шетелдік және отандық университеттердің түлектерін мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған.

2008 жылдың қорытындысы бойынша бос әкімшілік лауазымдарына 11 мыңнан аса конкурс жарияланған. Бұл ретте орта есеппен бір орынға 3,4 адамды құрады. Агенттікте және оның аймақтық басқармаларында 60 мың адам тестілеуден өтті. Алқа мәжілісінде 2009-2011 жылдарға арналған Агенттіктің даму стратегиялық жоспарының негізгі ережелерін түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді. Арын Орсариевтың баяндамасында агенттіктің даму стратегиялық жоспары келешекте үш негізгі бағытты қарайтыны: мемлекеттік қызметтің қызметкерлерінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет жүйесінің институттары мен агенттіктің потенциалдарын дамыту аталды. Атап айтқанда мемлекеттік қызметке қабылдауда оның кәсібилік және тұлғалық негізіне қарау, қызметшінің жұмыс қорытындысын бағалау арқылы еңбегіне жалақы төлеу жүйесін енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту нормаларын заңға енгізу.

Алқа мәжілісі барысында агенттік төрағасының міндетін атқарушы Арын Амангелдіұлы Орсариевпен Мемлекеттік басқару Академиясы ректорының, "Мемлекеттік қызметтің қызметкерлерін басқару жөніндегі Ұлттық орталығы" АҚ басшылығының агенттіктің аумақтық басқарма бастықтарының араларында стратегиялық жоспарды орындау жөнінде меморандумдарға қол қойылды.

Сол күні А.Орсариев өңірлік мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтары және тәуелсіз білім беру орталықтарының басшыларымен кездесіп, онда мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың даму жоспары, бағыт бағдарлары жөніндегі негізгі мәселелерді қарады. Сонымен қатар, негізгі міндет ретінде-мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін мемлекеттік қызметшінің қажеттілігіне қарай бейімдеу белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны