01.03.2007, 15:26 3520

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Агенттік басшысы болып Анар Мешімбаева тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне премьер-министрдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Анар Мешімбаева 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

1999 - 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, ал 2002 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің департамент директорының орынбасары қызметін атқарған. 2003 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының бас директорының бірінші орынбасары, бас директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президент аппаратында жүйелік зерттеулер орталығының меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны