01.09.2016, 12:08 3352

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында "Мен туған елімніӊ патриотымын" тақырыбында білім сабағы өтті

Білім күніне арналған шараға елордалық мектептердіӊ 70 оқушысы қатысты. Сабақ барысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылында қол жеткен жетістіктер паш етіліп, елімізді дамуға жетелейтін "Мәӊгілік ел" патриоттық актісі кеӊінен талқыға салынды.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында "Мен туған елімніӊ патриотымын" тақырыбында білім сабағы өтті.

Білім күніне арналған шараға елордалық мектептердіӊ 70 оқушысы қатысты. Сабақ барысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылында қол жеткен жетістіктер паш етіліп, елімізді дамуға жетелейтін "Мәӊгілік ел" патриоттық актісі кеӊінен талқыға салынды.

Оқушылар Елбасы кітапханасындағы интерактивті үстелдердіӊ көмегімен Мемлекет басшысыныӊ жаһандық бастамаларымен және идеяларымен, Отанға деген сүйіспеншілігін өнегелі ісімен дәлелдеген тұлғалардыӊ өмірімен танысты. Оларға еліміздіӊ тарихынан сыр шертетін түпнұсқалық құжаттар, бірегей суреттер ұсынылды. Жастарға отансүйгіштіктіӊ негізін ашатын "Білім.Тірек. Мәӊгілік ел" тақырыбында деректі фильм ұсынылды.

Дәл осы күні мемлекеттік басқарудыӊ, экономика мен әлеуметтік дамудыӊ канадалық тәжірибесін қолдануға бағытталған салыстырмалы зерттеулер бойынша "Қазақстанда канадалық модельдерді қолдану" тақырыбында қазақстандық-канадалық конференция өтті. Келелі шараға Канаданыӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайл қатысты.

Конференция жұмысы "Мемлекеттік басқару аясындағы канадалық тәжірибе" және "Экономикалық өсімніӊ және қоршаған ортаны қорғаудыӊ канадалық модельдері" атты екі секция бойынша өтті. Онда қазақстандық-канадалық ықпалдастықтыӊ өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметтіӊ құрылымы, қауіпсіздікті нығайту және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері кеӊінен талқыға салынды.

Конференциядан кейін барлық меймандар Семей полигоны жабылуыныӊ 25 жылдығына және Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күніне арналған екі көрмені тамашалап, талай жылдар құпия саналған құжаттардыӊ тарихымен танысты. Бірегей тарихи материалдарды қыркүйек айыныӊ соӊына дейін Елбасы кітапханасында тегін тамашалауға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны