01.09.2016, 15:05 3819

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында Семей полигонына қатысты құжаттар сақталған

Алғашқы ресми қадам 1945 жылдыӊ 20 тамызында қабылданды. Сталинніӊ қолтаӊбасы сақталған қаулыға сәйкес "КСРО ХКК жанындағы Бірінші Бас Басқармасы" құрылды. Оған тікелей атом бомбаларын жасау, уранныӊ қуатын пайдалану жүктелген.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Құпия құжаттар 40 жыл бойы мұрағаттарда шаӊ басқан. Көзден таса болған материалдар нақты айғақтар мен дәйектерді ашады. Оларды тергіштесек, полигонды құру және ядролық қаруды жасау жасау, оны сынау нәтижелері мен есептері қолмен шектеулі қағаздарға жазылған. Оныӊ мазмұнына көз жүгірте алатындардыӊ қатары санаулы болған. Сынақтардыӊ әсері, ядролық зарядтардыӊ сипаттамалары, полигон аумағындағы және одан тысқары аумақтардағы ластану, халықтыӊ радиациялық сәулеленуі туралы мәліметтердіӊ құпия ретінде сақталуы қатаӊ қадағаланған. Оны сарғылт тартқан құжаттардыӊ көшірмесіндегі "өте құпия" белгісі дәлелдейді.

1945 жылғы №9887 қаулы

Ұлы Отан соғысы аяқталғанымен, жаппай қырып-жоятын қаруды Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасы тасталғаннан кейін кеӊестік деӊгейде жойқын қаруды жасау жұмыстары дереу қолға алынған. Қысқа мерзім ішінде ғылыми-зерттеу, жобалық әрі өндірістік міндеттерді шешу қажеттігі туды. Алғашқы ресми қадам 1945 жылдыӊ 20 тамызында қабылданды. Сталинніӊ қолтаӊбасы сақталған қаулыға сәйкес "КСРО ХКК жанындағы Бірінші Бас Басқармасы" құрылды. Оған тікелей атом бомбаларын жасау, уранныӊ қуатын пайдалану жүктелген.

Таӊдау Қазақстанға түсті. 1947 жылы әскерилердіӊ алғашқы легі Семейге табан тіреді. Қазақтыӊ иен даласында қасіретті полигонныӊ құрылысы басталды. Искери бөлімдерді құру, зерттеу жұмыстарын жүргізу және нысандарды жобалау бір уақытта қолға алынған. Кеӊестік деӊгейдегі құпия операцияныӊ барысы туралы сынақ жұмыстарына жетекшілердіӊ бірі Лаврентий Берия Иосиф Сталинге есеп берген. Жазылған хаттыӊ әлі де "сиясы кеппеген".

Алғашқы сынақ

Жергілікті халыққа ескертілмей, 1949 жылдыӊ тамыз айында Семей полигонында алғашқы сынақ жүргізілді. Оныӊ нәтижесінде плутоний заряды жарылды. Оныӊ нәтижесі туралы КСРО басшылығына жазылған хатта және КСРО Министрлер кеӊесі жанындағы Арнайы комитеттіӊ отырысыныӊ хаттамасында баяндалған.

Сол жылдыӊ 23 қыркүйегінде мерзімді басылымда хабарлама жарияланады. Сақталған газет қиындысында әлемдік қауымдастықтыӊ алаӊдауына негіз жоқ екендігі жазылған. Кеӊестік кеӊістіктіӊ басшылығы болашақта атом қаруын қолданбайтыны көрсетілген. Десек те олар Семей аумағындағы бір сынақпен шектелмейді.

1953 жылғы сынақ

Алғашқы сынақтыӊ нәтижесінен "қуат" алған мамандар ядролық қарудыӊ жаӊа түрлерін жасауға кіріседі. 1953 жылы Семей полигонында сутекті бомба сыналып, еӊ жойқын жарылыс орын алды. Бұл туралы 20 тамызда жарық көрген Үкіметтік хабарламада баяндалады. Сынақтыӊ кесірінен 40 адам ажал құшқан. Олар жаппай қырып-жоятын қаруды сынау кезінде қарауылда кезекшілікке болған.

Тұрғындарды қорғаудыӊ арнайы шаралары қарастырылмады. Сынақтыӊ қасіретін жергілікті халық тартты. Радиацияныӊ әсерінен түрлі індеттер кеӊінен таралып, жан-жануарлар қырылды. Астыртын зерттеу жұмыстары қолға алынады. Биофизика институтыныӊ мамандары Семей өӊірінде радиациялық-гигиеналық ахуалды тексерген. Ал 1957 жылдыӊ наурызында Семейде құпия медициналық мекеме құрылады. "№4 бруцеллезге қарсы диспансер" "өте құпия" белгісімен қызмет еткен. Оныӊ мамандары медициналық-демографиялық көрсеткіштер талдамасыныӊ нәтижелері бойынша 900-ден астам жылдық есеп әзірледі.

Полигон аумағына іргелес орналасқан егістіктерде де сүзгі жұмыстары жүргізілген. 1962 жылғы анықтамаға сенсек, сары алтынныӊ ластануы қалыпты мөлшерден 10-60 есе асқан.

Жылда радиацияныӊ деӊгейі бойынша тексеру жүргізілген 1965 жылғы құжатта Семей облысыныӊ денсаулық сақтау бөлімі жергілікті ахуалды сипаттаған. Кей аумақтарда сағат бойынша жүргізілген өлшем нәтижесінде сәулелену мөлшері жоғары екендігі баяндалған.

Соӊғы сынақ 1989 жылы Делеген тауыныӊ аумағында жасалған. Жер астындағы жарылыстыӊ салдары туралы Ағыбаев совхозы директорыныӊ хатында көрсетіледі. Ол мұндай жағдай қайталанса, қызметкерлер жұмыс орындарынан кетуге мәжбүр болатынын айтыпты.

Семей полигонында 40 жыл ішінде 500-ге жуық жарылыс жасалған. Елбасыныӊ бастамасымен сынақ алаӊы жабылды. Бірақ оныӊ әсері әлі де жергілікті тұрғындардыӊ денсаулығынан сезіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны