22.07.2015, 16:30 3159

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейінде "Мәӊгілік Ел"триптихы таныстырылды.

Шараға Премьер-министрдіӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық музейдіӊ директоры Дархан Мыӊбай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және Суретшілер одағыныӊ мүшелері мен өнерсүйер қауым қатысты

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Шараға Премьер-министрдіӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық музейдіӊ директоры Дархан Мыӊбай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және Суретшілер одағыныӊ мүшелері мен өнерсүйер қауым қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мәӊгілік Ел" триптихын Ерболат Төлепбай, Ағымсалы Дүзелханов, Қазақбай Ижібекұлы, Айдар Жамхан, Айдос Шахмардан сынды отандық суретшілерден құралған шығармашылық ұжым бірИИИнеше жыл салды.

"Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына байланысты осы уақытқа дейін барлығы 200-ге жуық іс-шара өтті. Бұл жұмыстар жыл соӊына дейін жалғасады. Еӊ негізгі шара 11 қыркүйек күні Астанада өтеді. Одан кейін 9-10 қазан күндері Таразда өтеді.

Бүгін Ұлттық музейде таныстырылып жатқан "Мәӊгілік ел" триптихыныӊ тарихи маӊызы зор. Бұл туынды қазақтыӊ арғы-бергі тарихын бүгінгі күнмен сәтті сабақтастырған. Мұнда елдік, ерлік, өрлік жан-жақты насихатталады", - деді таныстырылымда Премьер-министрдіӊ орынбасары

Б. Сапарбаев.

Оныӊ пікірінше, біз Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына қатысты іс- шараларды өзіміздіӊ елде ғана емес, басқа мемлекеттерде де ұйымдастыруымыз қажет.

"Шет мемлекеттердегі Қазақстан елшілері арқылы да біраз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астанада өтететін негізгі шараға шетелдік ғалымдар мен саясаткерлерді шақырсақ деген ойымыз бар. Бұл жердегі біздіӊ мақсат - тарихымыздыӊ тереӊ және болашағымыздыӊ кемел екендігін таныту", - деді вице-премьер.

"Мәӊгілік Ел" триптихыныӊ бірінші бөлігі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандардыӊ бейнелерін негізге алған. Тарихи сюжетке құрылған туынды күрделі һәм көпбейнелі композициясыныӊ ауқымдылығымен, шығармашылық шеберлігімен ерекшеленеді.

Триптихтыӊ екінші бөлігі қазақтыӊ дәстүрлі әдеп-ғұрып заӊдарыныӊ жинағы "Жеті жарғыға" арналған. Тәуке хан мен қазақтыӊ әйгілі билері басты бейнелер ретінде орындалған күрделі композициялық туындыда көптеген кейіпкерлердіӊ әрекеті біріктірілген. Тарихи сюжеттіӊ мазмұны сол дәуірге тән этнографиялық, архитектуралық элементтер арқылы ашылған.

Триптихтыӊ композициялық және көркемдік түйіні - тәуелсіз Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ портреті.

Ұлт көшбасшысыныӊ бейнесі Қазақ мемлекеттігініӊ ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы даму тарихымен бірге қарастырылады. Туындыныӊ орталық тұсында ХХ және ХХІ ғасырларды түйістірген тарихи шекара аясындағы кеӊестікке қадам басқан Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президентініӊ бейнесі. Шығарманыӊ басты мақсаты - елді дағдарыс пен күйзелістен сақтай отырып, халықты өз төӊірегіне біріктіріп, соӊынан ілестіре алған Елбасы болмыс-бітімін сомдау.

Туынды авторлары Тұӊғыш Президенттіӊ көркем бейнесін оныӊ жеке қасиеттері арқылы емес, бірінші кезекте тұлғаныӊ әлемдік деӊгейдегі тарихи масштабын көрсету негізінде ашуға ұмтылған. Кескіндемелік туындыныӊ ашық және қанық түстері біздіӊ заманымыздыӊ қажырлы да қайратты қарқынын білдіреді.

"Көлемді де көркем композицияныӊ Ұлттық музей қабырғасынан орын алуы біз үшін де ұлтымыз үшін де мақтаныш. Себебі бір жылдығын жуықта ғана атап өтсе де Ұлттық музей келелі істерге ұйытқы бола білді.

Осыдан бір жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2014 жылдыӊ 2 шілдесі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық музей ғылыми және рухани орталыққа айналады" деген болатын. Ұлттық музей қазірдіӊ өзінде "рухани орталыққа" айналып үлгерген сияқты. Себебі біздегі экспонаттар қатары күн өткен сайын толыға түсуде.

"Мәӊгілік ел" триптихыныӊ Ұлттық музейде таныстырылуын тарихи жағдай деп санауға болады. Себебі мұндай тарихи әрі көркем туындылар музейге келушілерге және жалпы қазақстандықтарға рух пен мақтаныш сыйлайды. Композиция өткен тарих пен бүгінгі өркениетті Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті Елбасы саясатымен шебер үйлестіре білген.

Туынды тарихи және көркемдік тұрғыдан бағалағанда Ұлттық музейдегі құнды экспонаттардыӊ алдыӊғы легінде болары сөзсіз", - деді жиында Ұлттық музейдіӊ директоры Д. Мыӊбай.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

Филология ғылымдарыныӊ докторы,

профессор:

- Біз тарихымыздан ажырап қала жаздаған тіпті, ажырап қалған елдіӊ қатарындамыз. Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы аясында атқарылып жатқан шаралар шеӊберінде халықтыӊ оныӊ ішінде жас ұрпақтыӊ санасында үлкен өзгеріс орын алып жатыр. Мұны өзгеріс емес, "төӊкеріс" деуге де болады.

Елбасы біздіӊ мемлекеттігіміздіӊ тарихы тереӊде жатқанын айтты. Тамырымызды ғұндардан таратып, Түрік қағанатымен ұштастырды. Алтын Ордамен жалғастырып, тәуелсіздікпен байланыстырды.

Шет мемлекеттердіӊ астаналарындағы кез келген музейлерініӊ төрінде жақсы болсын, жаман болсын корольдері тұрады. Біз осыдан кезінде адасып қалдық. Бізді кім басқарғанын, қазақтан шыққан жақсылар кімдер екенін ұрпақ білген жоқ. Дұрысы білгізбеді, саясат сондай болды.

Мен бірталай суретшілерге Елбасыныӊ суретін салдырып көрген адаммын. Бірақ бұл кісініӊ келбетін келтіру қиын. Ерболат не деген бақытты адам десеӊші! Елбасыныӊ бүкіл мінезін, салтанатын, парасатын, пайымдылығын, кісілілігін, ақылын, билігін бәрін түгел ашқан.

550 жылдық бұл қазақ хандығыныӊ тарихы. Біздіӊ мемлекеттілігіміздіӊ тарихы бұл емес. Біздіӊ мемлекеттілігіміздіӊ тарихы Елбасы айтып отырғандай тым тереӊде жатыр. Сондықтан біз оны зерделеуді, зерттеуді жалғастыра беруіміз керек.

Серік НЕГИМОВ,

Филология ғылымдарыныӊ докторы, профессор:

- "Мәӊгілік Ел" триптихыныӊ "Қазақ хандығы" атты бірінші бөлігі жігеріӊді жанып, рухыӊды асқақтатады. Патриоттық сезіміӊді оятып, кеудеӊе мақтаныш сезімін ұялады. Ұлан-ғайыр жерді білектіӊ күшімен, найзаныӊ ұшымен қорғап қалған бабаларымызға бас игізіп, тағзым жасатады.

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына тарту ретінде салынған сурет өзініӊ тарихи миссиясын мінсіз атқарып тұр деп ойлаймын.

Қасым, Есім, Тәуке хандардыӊ тұсында шыққан керемет қағида бар. Онда "Хан болсын, ханға лайық заӊ болсын, Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын. Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын. Би болсын, би түсетін үй болсын" делінген. Демек мемлекеттіӊ 4 қамал қорғаны бар. Ол: хан, абыз, батыр, би.

Ерболат Төлепбай бастаған суретшілер триптихтыӊ екінші бөлігі "Жеті жарғыда" бұрынғы заман мен бүгінгі заманды шебер сөйлеткен. Триптихтыӊ дәл осылай аталуын заӊдылық деп білемін. Себебі әз Тәуке "Жеті жарғыны" қалыптастырарда 40 биді таӊдаған. Олардыӊ арасында біздіӊ ұлы билеріміз бен қарақалпақ пен қырғыздыӊ билері Тоқым мен Сасық болған.

"Жеті жарғы" қазақтыӊ құқықтық құжатына яғни, конституциясына айналып, "алтын билік", "алтын таразысы" атанды. Бұл құжат "арам жемейік, адал өлейік" деген ұстанымға негізделді. Мұнда ердіӊ құны, жер мен жесірдіӊ дауы әділ шешілді.

Триптихты Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ портретініӊ түйіндеуінде композициялық, көркемдік және символдық мән бар.

Біз Ұлт Көшбасшысыныӊ туған халқына сіӊірген еӊбегі өлшеусіз екенін жақсы білеміз. Соны сурет тілінде сөйлеткен өнер иелерініӊ шеберлігіне тәнті болмау мүмкін емес. Туындыгерлер Елбасыныӊ болмыс бітімі мен характерін дөп басып, дәл салған.

Тоқсан ауыз сөздіӊ түйініне келетін болсақ, "Мәӊгілік ел" триптихы біртұтас дүние ретінде біздіӊ бір халық - бір ел - бір тағдыр екенімізді көрсетіп тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны