26.09.2006, 15:40 4471

Қазақстан шетел азаматтары бала асырап алатын елдердің тізімінде бесінші орында

СЕМЕЙ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан шетел азаматтары бала асырап алатын елдердің тізімінде бесінші орында. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің консулдық бөлімінің жетекшісі Джефри Лодински жұмыс бабымен Семейге барған сапарында журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жылына 800-ден астам бала Қазақстаннан асырап алынады. Бұл Қазақстанның шетелдіктер бала асырап алуға аттанатын елдердің тізімінде бесінші ел екенін көрсетеді. Халықаралық бала асырап алу процессі белсенді жүргізілетін елдердің тізімінде алдыңғы орында Ресей тұр. Бұдан кейін Гватемала, Қытай және Оңтүстік Корея келеді. Қазақстан бесінші орында",- деді ол.

Консулдық бөлім басшысының пікірінше, "ата-аналар қазір Қазақстандағы бала асырап алу процессінің заңдылығы мен ақиқаттығына баға берді. Бала асырап алатын ата-аналар баланың шынында да жетім екендігіне, оны асырап алуға болатындығына және барлық құжаттардың қатесіздігіне шүбә келтірмейтін болды",- деді Д.Лодински.

Елші өзінің халықаралық бала асырап алу процессін тікелей қадағалау, судьялар мен прокурорлармен бетпе-бет жүздесу, жетімдер үйлерін аралау мақсатымен Семейге келгенін жеткізді. Бүгін Д.Лодински Семейдегі балалар үйінің қамқорлығындағы баланы АҚШ азаматтарының асырап алуына арналған сот процессіне қатысты. "Бұл менің халықаралық бала асырап алу жөніндегі сот процессін алғаш рет қадағалауым",- деді ол.

АҚШ елшісі сонымен бірге балаларды халықаралық асырап алу мәселесіне орай прокуратура, сот, АХАЖ, көші-қон полициясы мен қамқорлық органдары өкілдерінің қатысуымен өтетін "дөңгелек үстелге" қатыспақшы. Ол №3 жетімдер үйі мен балалар үйінде болмақшы. "Біз балалардың мүддесіне жұмыс істейміз. Өз басым Семейде осы принциптің бірінші кезекте сақталатынына тікелей көз жеткізбекшімін",- деді Д.Лодински.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны