24.07.2015, 12:18 3441

Қазақстан шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шараларын қайта қарастырады

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "100 нақты қадам" ұлт жоспарыныӊ аясында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "100 нақты қадам" ұлт жоспарыныӊ аясында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Сөз басында Біржан Нұрымбетов ҚР көші-қон саясаты ішкі еӊбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтау қағидаларына, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделгенін атап өтті (әрі қарай ШЖК).

Қазақстанда квоталау және жұмыс істеуге рұқсат беруге негізделген ШЖК тарту тәртібі қолданылады.

ҚР Үкіметі 2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемін республиканыӊ экономикалық белсенді тұрғындарыныӊ жалпы саныныӊ 0,7% (шамамен 63,9 мыӊ адам) құрады.

2015 жылдыӊ 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес елімізде 38 346 шетел азаматтары жұмыс істейді. Оныӊ 63%-ға жуығы жоғарғы санаттағы жұмыскерлер (топ-менеджерлер, орта буын басшылары, мамандар), 37% - білікті және маусымдық шетелдік жұмыскерлер.

Бүгінде Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматтары жұмыс істеуде (Қытай - 32%, Туркия -12%).

ҚР ДСИДМ қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таӊда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заӊнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заӊ жобасы әзірленді.

Заӊ жобасында шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады (эконимикалық қызмет түрлері).

Сондай-ақ, заӊ жобасында жұмыс берушілердіӊ шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту тәртібін жетілдіру ұсынылады. Егер бұған дейін квота Қазақстанныӊ экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді ШЖК тартуға квотаны экономикалық қызметтіӊ түрі бойынша сала жұмыскерлерініӊ санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады. Рұқсатты ақылы негізде беру жоспарланған. Рәсімдеу шараларын жеӊілдету мақсатында рұқсатты беру ХҚКО арқылы жүргізіледі.

Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеӊілдету ісі Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі корпоративтік ауысуларды жеӊілдік шарттарыныныӊ негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеӊілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардыӊ 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардыӊ орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады.

Естеріӊізге сала кетейік, Елбасы "100 нақты қадам" ұлт жоспарыныӊ аясында еліміздіӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердіӊ тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны