18.09.2007, 12:09 1533

Қазақстан Шығыс пен Батыстың жақындасуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайын - Тоқаев

Қазақстан Шығыс пен Батыстың жақындасуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайын.Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съез хатшылығының VI отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Шығыс пен Батыстың жақындасуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайын.

Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съез хатшылығының VI отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

"Біз адами қоғамдастықтың үйлесімді дамуына қол жеткізуге, қазіргі заманғы әлемдік құрылымның өзекті мәселелерін зерделеуде Шығыс пен Батыстың жақындасуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз ", - деді Қ. Тоқаев.

Оның хабарлауынша, "қазан айында Қазақстан өкілдері Эгидий әулие қоғамының бастамасымен Неапольде өткізілетін бейбітшілік үшінгі дінаралық кездесуге қатысады". Сонымен бірге, Қ. Тоқаев "Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы ретінде Испанияның Casa Asia институтының басқаруымен Барселонада өтетін "Батыс- Шығыс" диалогына атсалыспақшы". "Біз "Өркениеттер Альянсынан" ынтымақтастық жөнінде шақыру алдық, - деді Қ. Тоқаев.

"Қазақстан халықтар мен діндер арасындағы келісімге қол жеткізуге болатындығын, ол үшін тек өзара сенімділік, төзімділік пен диалогқа деген ерік-жігер болса жеткілікті екенін өз үлгісімен паш етуге талпынуда", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны