24.10.2006, 09:17 2839

Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Австрияның мемлекеттік сыйлығына ие болды

АЛМАТЫ. 24 қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Илиев Австрияның мемлекеттік сыйлығына -Үлкен күміс құрмет белгісіне ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Австрияда Қазақстанның елшісі болып қызмет еткен үш жыл ішінде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Илиев екі елдің саяси, экономикалық және сауда салаларындағы қарым қатынасының дамуына көп ықпал етті",- деді Р.Илиевке сыйлықты тапсырған Австрия СІМ мемлекеттік хатшысы Йоханесс Кирле.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны