22.05.2012, 14:49 3035

Қазақстан соңғы екі жылда IT-технологиялардың даму индексі бойынша халықаралық рейтингте 8-орынға көтерілді

Қазақстанда ақпараттық технологиялардың жоғары дамуы байқалуда. Бұл - сындарлы жоспарлаудың нәтижесі.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан соңғы екі жылда IT-технологиялардың даму индексі бойынша халықаралық рейтингте 8-орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда ақпараттық технологиялардың жоғары дамуы байқалуда. Бұл - сындарлы жоспарлаудың нәтижесі.

Бұл туралы кеше елордада V Астаналық экономикалық форум аясында өтіп жатқан "Connect Kazakhstan-2012" көрме-конференциясы барысында Эстонияның электронды басқару академиясының басқарма мүшесі Арво Отт мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында үлкен жетістіктерге қол жетізді. Халық игілігі үшін "Электрондық үкімет", интернет банкинг және сандық қолтаңба сынды ірі жобалар іске асырылуда.

"Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен жетістіктері әлемдік деңгейде де атап өтілуде. Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстан халықаралық рейтингте IT-технологиялардың даму индексі бойынша 8-орынға көтерілді", - дейді А. Отт.

"ҚР-ның "Электрондық үкіметі" бағдарламасын мемлекеттік қолдау тетіктерін ерекше атап өтуге болады. Соның арқасында инновацияның дамуы, мемлекеттік басқару тиімділігінің артуы және Президент пен ел Үкіметінің ашықтығын қамтамасыз ету сынды жағымды факторлар пайда болды", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны