06.09.2012, 12:29 6683

Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші бойынша 15 позицияға көтерілді

Бүкіләлемдік экономикалық форум 144 елге талдау жүргізе отырып, бәсекеге қабілеттіліктің Ғаламдық есебіне сәйкес, 2011 жылдың қорытындысында Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 72 -ші орыннан 51-ші орынға көтеріліп, ТМД елдері арасында көш бастады. Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші бойынша 15 позицияға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүкіләлемдік экономикалық форум 144 елге талдау жүргізе отырып, бәсекеге қабілеттіліктің Ғаламдық есебіне сәйкес, 2011 жылдың қорытындысында Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 72 -ші орыннан 51-ші орынға көтеріліп, ТМД елдері арасында көш бастады. Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Бұл тізімде Ресей Федерациясы 67-ші және Украина 73-ші орындарды иеленді (2010 жылы РФ- 66, Украина-82). БЭФ сарапшыларының бағалауына сәйкес Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша өз позициясын жақсартты.

" Атап айтқанда, 2010 жылмен салыстырғанда инфрақұрылым жағынан Қазақстан 82-ші орыннан 67 орынға көтерілсе, ұялы байланыс абоненттерінің саны жағынан - 20-шы орынға (2010 жылы 38 орын), Интернет желісін пайдаланушылар саны бойынша - 62-ші орын (2010 жылы 77 орын), Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке ие абоненттердің саны бойынша - 67-ші орынға (2010 жылы-71), Интернетті өткізу қабілеттілігі бойынша -53 орынға (2010 жылы-74 орын) көтерілді",-делінген министрліктің мәліметтерінде.

3G, CDMA-450/800, 4G, FTTН, FTTB секілді жаңа технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының тұрғындарын телекоммуникация қызметтерімен және инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген шаралардың қорытындысы жоғарыда аталған көрсеткіштердің әлемдік рейтингте айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны