29.01.2018, 17:20 5662

"Қазақстан" телерадиокорпорациясында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

"Қазақстан" телерадиокорпорациясында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Мақпал Жұмабай "Balapan" арнасыныӊ директоры қызметіне келді. Аусатов Изімхан "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директорыныӊ орынбасары қызметіне, "Қазақ радиосыныӊ" директоры лауазымына Нәзира Бердалы, "Шалқар" радиосыныӊ директоры болып Қалқаман Сарин тағайындалды.

Алматы. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан" телерадиокорпорациясында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Мақпал Жұмабай "Balapan" арнасыныӊ директоры қызметіне келді. Ал, осы арнаны басқарып келген Жанар Шәмел "Қазақстан" РТРК АҚ төрағасыныӊ кеӊесшісі қызметіне тағайындалды.

Жанар Шәмел "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасындағы таӊғы бағдарламалардыӊ жүргізуші қызметінен бастаған. Ұзақ жылдар "Таӊшолпан" хабарыныӊ тікелей эфирін жүргізіп, шеф - редактор, продюсер қызметтерін атқарды. 2010 жылы Елбасыныӊ бастамасымен ашылған тұӊғыш "Balapan" телеарнаcыныӊ негізін қалаушылардыӊ бірі, алғашқы директоры болды. Ана тілімен қоса ағылшын, урду, хинди тілдерін меӊгерген.

Мақпал Жұмабай алғашқы еӊбек жолын республикалық "Ана тілі" ұлт газетініӊ тілшісі болып бастаған. Ир жылдары "Qazaqstan" телеарнасы таӊғы бағдарламалар бірлестігініӊ редакторы, шеф-редакторы, сондай-ақ, "Balapan" арнасыныӊ шеф-редакторы, продюсері қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік "Дарын" Жастар сыйлығыныӊ, ҚР Президент қоры грантыныӊ иегері.

Аусатов Изімхан "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директорыныӊ орынбасары қызметіне, "Қазақ радиосыныӊ" директоры лауазымына Нәзира Бердалы, "Шалқар" радиосыныӊ директоры болып Қалқаман Сарин тағайындалды.

Изімхан Аусатов әр жылдары "Қазақ радиосында" редактор, ақпаратты-сараптамалық және таӊғы бағдарламалар редакциясы жетекшісініӊ орынбасары, аймақтар редакциясыныӊ жетекшісі, шеф редакторы қызметтерін атқарып келді.

Назира Бердалы еӊбек жолын "Qazaqstan" телеарнасында таӊғы бағдарламалардыӊ редакторы болып бастаған. Ир жылдары телевизия саласында жүргізушісі, шығармашылық топтыӊ жетекшісі, бас редактордыӊ орынбасары болып қызмет етті. ҚР Президентініӊ әдебиет саласындағы сыйлығыныӊ иегері.

Қалқаман Сарин 2013 жылы "Астана" телеарнасында "Кеш емес" саяси-әлеуметтік ток-шоуыныӊ және 2016 жылы "Qazaqstan" арнасында "Ой-толғау" бағдарламасыныӊ жүргізушісі болды. Мемлекеттік "Дарын" Жастар сыйлығыныӊ, ҚР Президент қоры грантыныӊ иегері. "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасын, "balapan"және "Кazsport" арналарын, Қазақ радиосын, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияныӊ ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияныӊ әлеуметтік желілердегі парақшалары: https://www.facebook.com/Kaztrk.kz,https://vk.com/kaztrk_kz,https://www.instagram.com/kaztrk_kz/, https://twitter.com/kaztrk_kz, https://www.instagram.com/kaztrk_kz/

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны