07.05.2008, 17:02 2860

"Қазақстан темір жолы" АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің тегін жүру құқын жүзеге асыру тәртібін түсіндірді

"Қазақстан темір жолы" АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің тегін жүру құқын жүзеге асыру тәртібін түсіндірді

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің тегін жүру құқын жүзеге асыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында және Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 2008 жылдың мамыр айының 1-31 аралығында ауданаралық қатынастардан басқа, облысаралық және халықаралық бағыттарға жөнелтілетін барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарына бару-қайту бағыттарына тегін жүру құқын ұсыну жайлы жариялайды", - деп көрсетілген бүгін таратылған "Қазақстан темір жолының" хабарламасында.

"Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметінен хабарлағандай, тегін жүру құжатын (билетін) рәсімдеу теміржол вокзалдарының ғимараттарында орналасқан билет кассаларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері ұсынатын куәлік негізінде жасалады.

Петропавловскіде тегін жүру құжаттары (билеттері) мына мекенжайда орналасқан "АсТал" ЖШС билет кассасында рәсімделеді: Петропавловск қаласы, Ахрименко көшесі 4 үй. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавловскідегі тегін жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу жөніндегі сауалдар бойынша мына мекенжайда орналасқан "АсТал" ЖШС кеңсесіне хабарласқан жөн: Петропавловск қаласы, Интерноциональная көшесі 88 үй, тел: 8-715-2-465442.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны