Система Orphus

"Қазақстан темір жолы" компаниясында мамандар ауыс-түйісі болды

21.04.2008, 17:25 2524

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ында мамандар ауыс-түйісі болды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

президенті Асқар Мамин аппараттық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, компанияның бірінші вице-президенті болып "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ -ның бас инженері қызметін атқарған Қадыл Таласбеков тағайындалды. Даму жөніндегі вице-президент болып Ермек Қизатов, ал бас инженер болып бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ -ның даму жөніндегі вице-президенті болған Кәрім Көкірекбаев тағайындалды.

А. Мамин "азаматтар "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ -ның басшылығына өз өтініштері мен арыз-шағымдарын жеткізе алатын" сенім телефонын орнату жөнінде тапсырма берді.

А. Маминнің айтуынша, сенім телефонын орнату - темір жол саласында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі шаралардың бірі. "Біз қазір сыбайлас жемқорлық қылмыстарға бару жағдайларын жоюға кешенді шаралар жобасын жасаудамыз. Бірінші шара сенім телефонын ашу. Барлық хабарламалар ескеріліп, қажет болған жағдайда тиісті органдарға тапсырылады", - деді компания президенті.

Оның айтуынша, компания басшылығы АҚ іс-қызметінің барлық салаларын жоғары деңгейде ашықтыққа шығармақшы, соның ішінде мемлекеттік сатып алу саалсы да ашық болмақ. Компания басшысы акционерлік қоғамның беделіне күрделі нұқсан келгенін және ол тек соңғы оқиғаларға ғана қатысты емес екенін атап өтті.

"Қоғам мен БАҚ-тарда түрлі сыбайлас жемқорлық деректері талқылануда. Соған қарап компанияның менеджменті таңертеңнен қара кешке дейін осындай іспен айналысатын секілді пікір қалыптасуы ықтимал. Ал компанияда кәсібіне берілген, "шен мүддесі мен ар-ұждан" үшін қызмет ететін мыңдаған адал адамдар бар. Біз "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қоғамда ең жоғары моральдық стандарттармен, жоғары кәсіби деңгеймен және мемлекеттік мүддеге берілгендікпен парапар болатындай жағдайға қол жеткізуіміз керек", - деді А. Мамин.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 сәуірден бастап А. Мамин жергілікті жерлердегі ахуалды зерттеу және жағдаймен танысу үшін компанияның бөлемшелеріне жұмыс сапарымен шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны