08.06.2012, 16:29 3267

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "DHL Логистика" ЖАҚ көлік саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ

Deutsche Post DHL әлемдік логистикалық корпорациясының құрамына енетін DHL-мен қарым-қатынас "Ғаламдық серіктес" жобасы аясында орнатылған. Компанияның нарықта сұранысқа ие экологиялық қауіпсіз өнімдерін шығаратын инновациялық орталығы бар.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "DHL Логистика" ЖАҚ көлік саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Deutsche Post DHL әлемдік логистикалық корпорациясының құрамына енетін DHL-мен қарым-қатынас "Ғаламдық серіктес" жобасы аясында орнатылған. Компанияның нарықта сұранысқа ие экологиялық қауіпсіз өнімдерін шығаратын инновациялық орталығы бар.

Екіжақты меморандум нәтижесінде ҚТЖ мен DHL бірнеше бағыттағы келісімге қол жеткізді. Біріншіден, DHL-дің "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА дамуына қатысуы. Екіншіден, логистикалық бизнесті жүргізуде тәжірибе алмасу, Supply Chain Management пен логистикалық шешім шығаруда кеңес беру.

Келісім мақсаты - екі жақтың Қазақстанның көліктік-логистикалық секторында қызмет көрсету мәселелерінде ынтымақтастықты дамыту.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Ерхат Есқалиевтің айтуынша, DHL-мен ынтымақтастық аясында иннофациялық технология трансфері тасымалдау кезінде бәсекеге қабілетті жылдамдықты тудырып, шекара өту кезінже қызмет сапасын жақсарта түседі.

Болашақта тараптар DHL-дың "ҚТЖ"ҰК" АҚ-ның 7 көліктік-логистикалық орталықтарын құруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны