03.06.2008, 19:26 2976

"Қазақстан темір жолы" ҰК орталық аппаратында ауыс-түйістер болды

"Қазақстан темір жолы" ҰК орталық аппаратында ауыс-түйістер болды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы болып Қанат Алпысбаев тағайындалды. Оған дейін ол GE Transportation компаниясының Қазақстандағы бизнесін дамыту жөніндегі директоры қызметін атқарған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ аппаратының жетекшісі міндетін атқарушы лауазымына оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тұрған Асхат Ақшорин тағайындалды.

Орталық аппараттағы кадрлық өзгерістер жайында кеше "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ аппараттық отырысында компания басшысы Асқар Мамин жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны