16.06.2014, 19:40 3820

Қазақстан теңіз академиясының мамандарын халықаралық стандарт бойынша оқытатын болады

2012 жылы Қазақстан-Ұлыбритания техникалық университетінің базасында Қазақстан теңіз академиясы ашылғаны белгілі. Ондағы "Кеме жүргізу" және "Кеме механикасы" мамандықтары бойынша қазіргі уақытта 41 кадет білім алуда.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасында Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) теңізшілерін дайындау мен оларға диплом тапсыру және вахтаны атқару туралы конвенцияның қағидаттарын ұлттық заңнамаға енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді.

Бұл Конвенцияның талаптарын орындау Қазақстанға Халықаралық теңіз ұйымының "Ақ тізіміне" енуіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде осы арқылы қазақстандық дипломдар барлық шетелдік порттарда мойындалуы қамтамасыз етіледі.

Құжаттың негізгі қағидаттары арасында: оқу орындары мен теңіз жаттығу орталықтарын оқыту бағдарламасы, тренажерлік дайындық, курсанттарды жүзу практикасымен қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытушылар мен нұсқаушылардың біліктілігі мен құзыретін куәландыру жөніндегі талаптарды бекіту мәселелері қарастырылған. Куәландыру теңізшілерді халықаралық сапа стандарттарына сай дайындау процедурасына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

2012 жылы Қазақстан-Ұлыбритания техникалық университетінің базасында Қазақстан теңіз академиясы ашылғаны белгілі. Ондағы "Кеме жүргізу" және "Кеме механикасы" мамандықтары бойынша қазіргі уақытта 41 кадет білім алуда. Академия мамандарының алғашқы мамандарын шығару 2016 жылға жоспарланған. Академияға Голландияның жетекші теңіз мектебінің оқытушылары тартылған.

Казіргі кезеңде заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны