09.07.2018, 20:54 4037

Қазақстан тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша бірқатар шараларды аяқтады

Алматыдағы Семинар тұрақты даму саласындағы мақсаттарға (ТДМ) қол жеткізу бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ және "БҰҰ-Ийелдер" жобасыныӊ қолдауымен 21 маусымнан 10 шілдеге дейін Астанада, Ақтауда, Бұрабайда, Таразда және Алматыда өткен бірқатар шараларды аяқтады.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Қазақстанныӊ орталық және жергілікті атқарушы билік органдарыныӊ өкілдері 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы (тұрақты даму саласындағы мақсаттар) ғаламдық Күн тәртібін орындау барысын қадағалау үшін бірқатар үйлестірілген ұлттық көрсеткіштерді жинау бойынша өзініӊ жұмысын аяқтады. Қатысушылар гендерлік аспектіге және жынысын, жасын, әлеуметтік әлсіздігін және т.б. қоса алғанда, жыныстық белгісі бойынша сараланған көрсеткіштерді қосуға ерекше назар аударды.

Алматыдағы Семинар тұрақты даму саласындағы мақсаттарға (ТДМ) қол жеткізу бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ және "БҰҰ-Ийелдер" жобасыныӊ қолдауымен 21 маусымнан 10 шілдеге дейін Астанада, Ақтауда, Бұрабайда, Таразда және Алматыда өткен бірқатар шараларды аяқтады. Жоба ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияныӊ және Қазақстан Республикасыныӊ Халық шаруашылығы министрлігініӊ Статистика комитетініӊ қолдауына ие болды. Семинарға 250 астам жергілікті атқарушы органдардыӊ өкілдері қатысты. Қатысу аумағы Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маӊғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарын және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларын қамтиды. ТДМ қолжеткізу мониторингі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ мүшелері аймақтық мәжілістерде орталық өкіметтіӊ атынан әрекет етті. Осы шаралардыӊ қатысушыларына 2030 жылғы Күн тәртібі бойынша ұлттық артықшылықтарды анықтау тапсырылды, олар ұлттық және жергілікті деӊгейде дамудыӊ стратегиялық артықшылықтары бойынша мақсаттары, мәселелері мен көрсеткіштерініӊ өзектілігін талқылады. Ирбір облысқа нақты аймақтыӊ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуыныӊ ажырамас ерекшелігін көрсететін ТДМ қолжеткізу мониторингі үшін жеке біріншілік көрсеткіштерді және әрбір облыстыӊ даму бағдарламалары мен саясатында белгіленген стратегиялық артықшылықтарды таӊдау ұсынылды.

Ғаламдық Күн тәртібінде, гендерлік теӊдік әлемді өзгертуде негізгі қызмет атқаратындығы және тұрақты дамудыӊ барлық бағыттарына сипатты екендігі көрсетілген. Сондықтан қатысушылар орын алған кемшіліктерді талқылады және жергілікті деӊгейде гендерлік статистика саласы бойынша көрсеткіштерді жинауды жақсартуға, сондай-ақ оларға ТДМ іске асырудыӊ тиімді мониторингі үшін гендерлік-сезімталдық көрсеткіштерді қосуға шақырды.

2015 жылы Қазақстан, БҰҰ мүше-елдер арасында 2030 жылға дейін Ғаламдық күн тәртібін іске асыру және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қолжеткізу бойынша міндеттемелерге қосылды. БҰҰ саммитінде 2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан президенті Н.Назарбаев, ТДМ мен Қазақстанныӊ стратегиялық артықшылықтары арасында анық сәйкестіктіктіӊ бар екендігін және ел өкіметі олардыӊ іске асырылуы үшін толық жауап беретіндігін растады.

ТДМ 17 мақсаттан тұрады, олар алға қойылған мәселелерді іске асырудыӊ тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін 169 мәселені және 242 индикаторды құрайды. Адам өмірініӊ әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық салада тұрақты дамуына ықпал етуге шақыратын ТДМ 2050-Стратегиялары, 2030 жылға дейін Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, сондай-ақ аумақтық даму бағдарламалары сияқты Қазақстанда саясатты стратегиялық жоспарлау мен мониторингін жақсарту үшін пайдалы критерий болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны