28.04.2017, 19:16 5596

Қазақстан туралы шетелдік туристерге баяндайтын мобильдік қосымша дүниеге келді

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан туралы цифрлық энциклопедия болып табылатын "Қазақстан-Ұлы Дала Елі" атты қосымша іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кеӊ ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанныӊ шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Жоба авторларыныӊ хабарлауынша, қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады. Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны