26.02.2008, 17:45 3186

Қазақстан тұтынушыларының құқықтары жиі бұзылады- ҚҰТЛ

Қазақстан тұтынушыларының құқықтары жиі бұзылады- ҚҰТЛ

Алматы. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ұлттық тұтынушылары лигасына келіп түсіп жатқан арыз шағымдар көлеміне қарай айтар болсақ, Қазақстан тұтынушыларының құқықтары жылу, сумен қамтамасыз ету, ұялы телефон байланыстары бойынша құқықтары жиі бұзылады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық тұтынушылары лигасының президенті Светлана Савченко баспасөз мәслихатында мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2007 жылы ҚҰТЛ азаматтардан 4253 шағым келіп түссе, оның 1023 - азаматтық істер, 969 сапасыз техника құралдарын сатып алу, 850 - пәтер иелерінің кооператив қызметіне қатысты болса, 680 монополистердің сапасыз коммуналдық қызмет көрсетуімен байланысты болды ".

Мәселен, "Алматыэнергосбыт" қатысты түскен арызында "сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету " жөнінде талабы көрсетілген. Сотқа тапсырған шағымда жазылғанындай, "Жауап беруші кәсіпорын, сапасыз электр қуатымен қамтамасыз еткені үшін барлық тұтынушылардық материалдық шығындарын өтеп, сапалы қызмет көрсететін болсын ".

Сондай-ақ, газ жеткізушілерге де қатысты арыз шағымдар жеткілікті. "Заң бойынша табиғи газ жеткізу жөнінде келісім шарт ҚР АК талаптарына қарама қайшы және тұтынушылардың құқықтарын бұзып отыр ", - деп келтірілген арызда "Алматыгазконтракт"ЖШС, "Алматы газ желілері", "АРЦ Алматыгаз" кәсіпорындары көрсетілген.

"Ал "Қала су арнасына " қатысты тұтынушылардың арызында көп пәтерлі үйлерде суды есептейтін құрылғылар және барлық пәтерлерде жеке есептеу жабдықтары орнатылғанына қарамастан, үй иелері суды есептеу құралдары көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарды төлеуге мәжбүр", - деп жазылған тұтынушылар лигасының ҚР премьер-министріне жазған хатында.

Ұлттық лига өкілдерінің пікірінше " "КаР-Тел" ЖШС мен абоненттер арасында жасалған шарт көпшілік келісім түрінде заңсыз жасалған: "Ұялы байланыс қызмет көрсету жөнінде көпшілік келісім шартын заңсыз деп тануды сұраймыз" деп жазылған.

"Қазақстан халқының өмір сүру сапасына ерекше назар аударылған Қазақстан Республикасы президентінің жолдауын іске асыру мақсатында, Ұлттық тұтынушылар лигасы әлеуметтік серіктестік аясында "2008 жыл -тұтынушылардың құқықтарын қорғау жылы"деп жариялады. Ниет танытқандар ҚҰТЛ мүшесі бола алады ", -деп қорытындылады С. Савченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны