11.06.2008, 13:39 1282

Қазақстан үкімет басшысы Астанадағы бірқатар нысандардың құрылысы барысымен танысты (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстан үкімет басшысы Астанадағы бірқатар нысандардың құрылысы барысымен танысты (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін қала күні қарсаңында пайдалануға берілуге тиіс Астанадағы бірқатар нысандардың құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, үкімет басшысы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен бірге Тәуелсіздік сарайының, Қазақ гуманитарлық -заңгерлік университетінің бас корпусының, "Халықаралық сауда орталығы" сауда-көрме кешенінің, "Қазақ елi" монументінің құрылысы барысымен танысты.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімов Орынбор және Сығынақ көшелерінің, Республика даңғылы мен Бараев көшелерінің қиылысындағы жол айрықтары мен "Рамстор" сауда үйінің аумағындағы Есіл арқылы өтетін жаңаланып жатқан көпірдің құрылысымен танысты.

Медициналық кластерге жататын басқа да бірқатар нысандар, атап айтсақ, республикалық нейрохирургия орталығы мен диагностикалық орталық та үкімет басшысының назарына ұсынылды. Бұған қоса ол Елордасындағы спорттық нысандарды - 30 мың көрерменге есептелген жабық стадион мен 2,5 мың адамға есептелген теннис стадионын аралап көрді.

"Астана Монолит"ЖШС мен "KUAT" АҚ басшылығы үкімет басшысына "Северное сияние" және "Гранд Алатау" тұрғын үй кешендерінің құрылысымен таныстырды, бұлар келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Кәрім Мәсімов барлық нысандарды қажетті талаптарды сақтай отырып дер кезінде пайдалануға беруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны