22.01.2009, 19:25 2990

Қазақстан үкімет басшысы Білім және ғылым министріне оқу ақысын төлей алмаған студенттердің оқудан шығарылу мәселесінің мән-жайын анықтауды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы Білім және ғылым министріне оқу ақысын төлей алмаған студенттердің оқудан шығарылу мәселесінің мән-жайын анықтауды тапсырды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Білім және ғылым министріне оқу ақысын төлей алмаған студенттердің оқудан шығарылу мәселесінің мән-жайын анықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы мәселеге қатысты көптеген сұрақтар туындауда, әсіресе бұл Алматы қаласының студенттеріне байланысты, олар оқу ақысын төлемеуге байланысты оқудан шығарылу оқиғалары жиіледі деп наразылық білдіруде. Бұл тіпті экономикалық мәселеден саяси мәселеге айналып барады", - деді ол министрге қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны