17.07.2009, 13:29 1338

Қазақстан үкімет басшысы интернет туралы заңның қабылдануына байланысты өз блогына хабарласушылардан өздерін толғандырған мәселелерді әдепті түрде әрі дәлелді баяндауды сұрайды

Қазақстан үкімет басшысы интернет туралы заңның қабылдануына байланысты өз блогына хабарласушылардан өздерін толғандырған мәселелерді әдепті түрде әрі дәлелді баяндауды сұрайды

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы интернет туралы заңның қабылдануына байланысты өз блогына хабарласушылардан өздерін толғандырған мәселелерді әдепті түрде әрі дәлелді баяндауды сұрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"2009 жылы 10 шілдеде мемлекет басшысы "Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Түзетулерге сәйкес, барлық интернет-ресурстар: веб-сайт, чат, блог, интернет-форум, электронды кітапхана және тағы сол сияқтылар - бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіріліп, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары сияқты тиісті қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілігін көтереді.

Ақпараттық-коммуникациялық желілерде мағлұматтарды реттеудің жаңа механизмін бекітуді ұсынатын құжатқа сәйкес ұлттық заңға қайшы келетін ақпаратты орналастыруға жол берілмейді. Осыған байланысты Сіздерден толғандырған мәселелер мен сауалдарыңызды әдепті түрде әрі дәлелді баяндауларыңызды өтінемін",- делінген үкімет басшысының блогында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны