03.02.2010, 17:00 4802

Қазақстан үкімет басшысы мектептерде 12 жылдық оқыту моделін тездетіп енгізуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы мектептерде 12 жылдық оқыту моделін тездетіп енгізуді тапсырды

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы мектептерде 12 жылдық оқыту моделін тездетіп енгізуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың пікірінше, Қазақстандағы 12 жылдық оқыту моделін шетелдік тәжірибені ескере отырып енгізу қажет.

"Орта білім беруде 12 жылдық білімді енгізу бойынша ілгері жылжу қажет. Назар аударатын бір дүние, қазіргі таңда ең озық елдерде 12-ші сыныпты оқытуды үрдістің басына емес, аяғына қояды. Бұны бізде бұрындары "нөлдік" сынып деп атаған болатын. Осы бағытта жылжу керек", деді алқада К. Мәсімов.

Осы орайда үкімет басшысы бұл жаңашылдықтың бүкіл білім беру жүйесіне ықпалын зерттеу қажеттігін атап көрсетті. "Илемдік тәжірибені зерттеңіздер. Онда 10-шы сыныпқа дейін барлығы бірге оқиды. Ал, 11-12-ші сыныптарда кімнің жоғары оқу орындарында білім алатынын, кімнің кәсіби техникалық училищелерге баратынын саралайды", деді. ол.

Үкімет басшысының пікірінше, жоғары оқу орындарының бағдарламасын 11-12-ші сыныптардың бағдарламасымен үйлестірген жөн. "Изірге, өкінішке қарай, бізде бұлай емес. Біз ақшаны қалай болса солай шашпауға тиістіміз. 2020 жылға дейінгі бағдарламада бұл мәселелер бүге-шүгесіне дейін қарастырылуы тиіс", деді К. Мәсімов министр Ж. Түймебаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда Кәрім Мәсімов мемлекет басшысының "үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған "Балапан" арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын" дегенін еске салды. Бұл істе мемлекеттік қолдауға ғана алақан жаймай, мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігін пайдалану қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы осы бағдарламаны ақпанның аяғына дейін үкіметке енгізуді тапсырды.

БҒМ мәліметінше, өткен жылы мектепке дейінгі білім саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1 209 бірлікке артты, оның 230-ы - балабақша, 979-ы - шағын орталық. Мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен енгізілетін объектілер кестесі жасалды, 2010 жылы "Жол картасы" шеңберінде жөндеуге жататын балабақшалар тізбесі құрылды. Балабақшалар мен шағын орталықтарды ашу рәсімдері жеңілдетілді. Осыған қоса "Балапан" арнайы бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асыру мектепке дейінгі білім беру желісін дамытуға сөз жоқ, жаңаша қарқын береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны