26.02.2008, 14:40 2986

Қазақстан үкіметі БАҚ туралы заңнамасын ырықтандыру жөнінде ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерін орындамай отыр- журналистер одағының төрағасы

Қазақстан үкіметі БАҚ туралы заңнамасын ырықтандыру жөнінде ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерін орындамай отыр- журналистер одағының төрағасы

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңнамасын ырықтандыру жөнінде ЕҚЫҰ алдында өз міндеттемелерін орындамай отыр. Мұндай пікірді бүгін ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен өткен " БАҚ саласындағы Қазақстан заңнамасы-бүгінгі күні мен болашағы" атты дөңгелек үстелінде Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздерді тағы да алдап соқты өйткені заң жоба, сіздер түсінгеніндей болмайды, тек өзгертулер мен толықтырулар болады ", - деп мәлімдеді С. Матаев дөңгелек үстелге қатысып отырғандарға арнаған сөзінде. "Бүгінгі жағдай бізде мәз емес, болашағы жоқ", - деді ол.

"Мадридте дауыс берілген кезде Қазақстанға "Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" заңды ырықтандыру қажеттігі жөнінде міндет қойылды. Енді біз төрағалыққа қол жеткізгеннен кейін, жағдай өзгеріп шыға келді", - деп мәлімдеді Қазақстан журналистер одағының төрағасы С. Матаев, дөңгелек үстел аяқталғаннан соң журналистерге берген сауалында.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылдың қаңтар айында үкімет үкіметтік емес ұйымдарымен дайындалған "Бұқаралық ақпарат құралдары" жөніндегі заң жобасына теріс баға беріп, жаңа заң жобасында республикалық бюджеттен негізсіз қосымша қаржыны ұлғайту көзделген дегенді алға тартты.

Журналистер одағы төрағасының айтуынша, үкімет сол арқылы ЕҚЫҰ алдында БАҚ заңын ырықтандыру жөнінде міндеттемелерін орындамай отыр. "Іс жүзінде соңғы үш жылда бірқатар өзгертулер енгізілді алайда олардың біреуі де қазақстан баспасөздерінің жағдайын жақсартпады ", - деп атап өтті ол.

Ал ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев журналистік қауымдастықтың айыптарын негізсіз деп отыр. "Бұл ойға келмейтін ақымақтық. Мен бұл туралы айтқанмын. Ертісбаев ЕҚЫҰ мен әлемдік қоғамдастықты алдап соқты дейді. Бұл ақылға сыймайтын нәрсе. Бұл жай эмоциялар және мен дөңгелек үстелдің кейбір қатысушыларын эмоцияға беріліп сөйлемеулерін сұраймын ", - деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны