04.12.2007, 12:49 2029

Қазақстан үкіметі ішкі көші-қон проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенін үш айда жасап шығармақшы

Қазақстан үкіметі ішкі көші-қон проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенін үш айда жасап шығармақшы

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі ішкі көші-қон проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенін үш айда жасап шығармақшы. Осы жөніндегі шешім бүгін өткен үкіметтің отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ішкі көші-қон проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар қоржынын үш айдан кейін үкіметтің отырысына ұсынатын боламыз", - деп мәлімдеді ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

"Біз алдымен заңнамалық мәселелерді шешуіміз қажет, сол себепті мен республиканың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев басқарған жұмыс тобын құру жөніндегі бұйрықтық жобасын маған енгізуді тапсырамын, бұл топ не көші-қон жөніндегі жаңа заңның жобасын, немесе, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын дайындауға тиіс", - деді премьер.

"Бұл мәселелерді шешу үшін біз заңнамалық базаны дайындауға тиіспіз", -деді үкімет басшысы.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, "қазіргі таңда еліміздегі ішкі көші-қон заңсыз еңбек миграциясы ауқымының артуымен, ауылдық жерлердің тұрғындарының қалаға қопарыла көшуімен, экологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақтардан күн райының ахуалы оңды аймақтарға қарқынды көшуімен сипатталуда".

"Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметінше, 2005 жыл мен ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бір өңірден екіншісіне тұрғылықты тұруға 697 мың адам қоныс аударған. Былтыр 295 мың адам, немесе, ел халқының 2% тұрғылықты мекендерін ауыстырған", - деді Б. Сұлтанов. Оның мәліметтеріне сүйенсек, халық әсіресе Астана мен Алматыға қоныс аударуда.

"Кейінгі екі жыл мен ағымдағы жылдың тоғыз айында көші-қонның оң сальдосы Астана қаласы бойынша 49 мың адамды, ал Алматы бойынша 58 мың адамды құрады", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, халық көбінесе Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан көшіп кетіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны