02.04.2010, 14:15 4877

Қазақстан үкіметі медициналық мекемелерді толық шаруашылық жүргізу құқығына көшіруді жоспарлап отыр

Қазақстан үкіметі медициналық мекемелерді толық шаруашылық жүргізу құқығына көшіруді жоспарлап отыр

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі медициналық мекемелерді толық шаруашылық жүргізу құқығына көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және денсаулық сақтау ісін дамытудың атты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған республикалық мәжілісте ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз барлығын толық шаруашылық жүргізу құқығына көшіруді жоспарлап отырмыз", - деді Е. Орынбаев.

Оның айтуынша, бұл үшін медициналық мекемелер екі шартты орындауға тиіс. "Ауруханаларда денсаулық сақтау саласын түсінетін өз менеджерлері болуға тиіс. Сонымен бірге, жеке меншік сектордан келетін кәсіби білікті есепшілері болуы қажет. Олар халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесін білетін болуға, қаржылық саясатты қалыптастыра алуға тиіс".

Осы шарттар орындалған жағдайда медициналық мекемелер "ауқымды еркіндікке" ие бола алады. "Сіздер онда өз қызметтеріңізді, соның ішінде жалақыларыңызды, жабдықтар сатып алуды, өз қаржыларыңызды оңтайландыруды өздеріңіз жоспарлайтын боласыздар", - деді Е.Орынбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны