Система Orphus

Қазақстан үкіметі медициналық мекемелердің рейтинг жүйесін енгізбек ниетте

02.04.2010, 15:02 4081

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі медициналық мекемелердің рейтинг жүйесін енгізбек ниетте. Бұл туралы бүгін біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған республикалық мәжілісте ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Облыстарда медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша рейтинг енгізу жөнінде тапсырма беремін", - деді Е. Орынбаев.

Ол "тұрғындардың арасында әлеуметтік зерттеулерді тұрақты жүргізу және олардың арыз-шағымын жинау қажет. Сол арқылы біз қай жерлерде сіздердің медициналық қызметкерлеріңіздің жұмыс істеп жатқанын және қай жерде олардың жұмысы халықты қанағаттандыра алмай отырғанын көріп отыратын боламыз", - деді ол.

Е. Орынбаевтың айтуынша, осыған байланысты үкімет "ұйымдастыру реформаларын жүргізбек ниетте". "Біз барлық шығынды жұмыс істейтін ауруханаларды жабамыз, тек қаржылық тұрғыдан орнықтылары ғана қалады. Ал халық бармайтын клиникаларды біз осы жылдың аяғына таман оңтайландырамыз", - деді ол.

Е. Орынбаев нақтылап өткендей, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша медициналық мекемелердің рейтингін Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын анықтап отыруы қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны