10.09.2009, 13:05 3119

Қазақстан үкіметі оффшорлық аймақтардағы барлық сауда-саттықтар туралы халық бұқараны хабардар етіп отыруға тиіс - сенатор

Қазақстан үкіметі оффшорлық аймақтардағы барлық сауда-саттықтар туралы халық бұқараны хабардар етіп отыруға тиіс - сенатор

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстан үкіметі оффшорлық аймақтардағы барлық сауда-саттықтар туралы халық бұқараны хабардар етіп отыруға тиіс екенін талап етуде. Ол үкімет басшысының атына жолдаған осы жөніндегі депутаттық сауалын бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен бізге үкіметтің ұстанымы жайлы айтып беруді сұраймын. Үкімет бізге оффшорлық аймақтарға кімге, қаншаға, ненің сатылғаны туралы толық материалдарымен, кестесімен қоса таныстырсын",- деді сенатор. Ғ. Қасымов осы орайда дүниежүзінде бүгінгі күні оффшорлық аймақтардағы сауда-саттықтарды мойындаудан бас тарту ағымы байқалып отырған кезде "Қазақстанның бұл мәселеге қатысты ұстанымы елеңдетіп отырғанын" атап көрсетті.

"Осыдан бірнеше ай бұрын "Лондондағы жиырмалық" оффшорлық аймақтардағы сауда-саттықтарды мойындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдады. Бағдар тіптен оффшорлық аймақтарды жабуға бетбұрыс жасалуда. Ал біз болсақ осы істі қолдап, дамытып отырмыз. Үкімет бізге мемлекеттік органдардың еліміздегі жер қойнауын, кеніштер мен кен орындарын оффшорлық компанияларға не себепті мардымсыз тиын-тебенге сатып жатқанын түсіндірсін", - деді Ғ.Қасымов.

Сенат депутаты бұған қоса осы ақпарат жария етілгеннен кейін Қазақстанның жер қойнауын сату тетіктерін қайта қарау қажеттігін, "келешекте барлық операциялардың парламент арқылы өткізілуі мүмкін екенін" айтты. "Бұл мәселе бойынша үкіметтен әлдекім толық ақпарат берген соң біз сауда-саттықтар парламент арқылы, немесе басқа мекеме арқылы жүзеге асырыла ма деген тұрғыда тұжырым жасаймыз", - деді Ғ. Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны