07.09.2006, 10:24 2579

Қазақстан үкіметі ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды өтеп беруге тиіс - БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы

Қазақстан үкіметі ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды өтеп беруге тиіс - БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы

АЛМАТЫ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды өтеп беруге тиіс. Бұл туралы БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы Якоб Эгберт Доэк кеше журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазақстан - Шымкенттегі секілді оқиға болған әлемдегі жалғыз ел емес",- деді Я.Доэк. "Бұл оқиға қанның сапасын мұқият тексеруге түрткі болды, барлық қан ауыстыру орындары тексерілуде. Үкімет індет жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды толық өтеп беруге тиіс",- деді ол тексеру қорытындысын жария ету барысында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасының айтуынша, Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі конвенцияға бағынуына қатысты бірінші ресми баяндаманы үкімет 2003-жылы таныстырған.

Комитет төрағасының пікірінше, Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласында "бірқатар проблемалар бар және оны республика үкіметі біледі. Бұл - арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленетін балалар, мүгедек балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, босқын балалар мәселесі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны