23.10.2007, 14:58 3165

Қазақстан ұлттық БАҚ-тарды қаржыландыру көлемін 6-7%-ке арттырады - мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан ұлттық БАҚ-тарды қаржыландыру көлемін 6-7%-ке арттырады - мәдениет және ақпарат министрі

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ұлттық БАҚ-тарды қаржыландыру көлемін 6-7%-ке арттырады. Бұл туралы бүгін үкіметте тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша өткен отырыста еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлттық БАҚ-тарды одан әрі қолдау жөнінде біздің нақты жоспарларымыз бар", - деді министр. "Біз бұл мақсатқа бөлінген бюджет шеңберінде 6-7% өсімді қарастырмақпыз", - деді ол.

"Тұтастай алғанда Қазақстан халқының тілдеріндегі баспасөзді қолдау жалпымемлекеттік ішкі саясаттағы басымдықтарға жатқызылып, парапарлықты нығайтуға бағытталуы тиіс", - деді Е.Ертісбаев.

Оның айтуынша, ұлттық БАҚ-тарға бөлінген мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қаржысының көлемі ағымдағы жылы 36 млн. теңге болды, ал 2005 жылы ол 19 млн теңгеге жеткен. "Яғни, қаржы көлемі екі жылда шамамен екі есе өсті", - деді министр. "Алдағы уақытта да бұл көлем арта түседі, ол сапаны көтеруге септігін тигізетіні анық", -деді ол.

Сонымен бірге, Е.Ертісбаевтың атап көрсетуінше, "БАҚ-тың бұл бөлігінің бәсекелестік қабілеті, таралымы мен таралу мәселелері бірінші кезекте нарықтың ауқымына, қарапайым тілмен айтқанда, сұранысқа байланысты" болмақ. "Бұны міндетті түрде ескеру керек", - деді ол.

"Бұқаралық ақпарат қүұралдары нарығындағы ахуалды нарық реттеуге тиіс", - деді министр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, еліміздің ақпараттық нарығында 13 тілде ақпарат тарататын БАҚ бар. Қазақ және орыс тілдеріндегі БАҚ-тар жетекші орында. Мәселен, еліміздегі барлық 2,5 мың БАҚ-тың 469-ы қазақ тілінде, 856 -сы орыс тілінде, 879-ы орыс және қазақ тілдерінде хабар таратып, жарық көреді. Қазақстанда этникалық топтардың тілдерінде 28 басылым шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны