29.05.2007, 15:48 2896

Қазақстан үш жыл ішінде бірыңғай шұғыл шақыру нөмірін енгізуді жоспарлауда

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан үш жыл ішінде бірыңғай шұғыл шақыру нөмірін енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Екі-үш жыл ішінде "112" нөміріне толық көшуге болады",- деп атап өтті Қуанышбек Есекеев. Сонымен қатар, ол SOS бірыңғай нөмірі кезең-кезеңмен енгізілетіндігін, хабарлады. "112" нөміріне өтетін өтпелі кезеңде "01", "02", "03" нөмірлерін қалдыру қажет",- деді ол. Қазір телефон абоненттерінің 88 пайызға жуығы сандық АТС-ке ауыстырылған, барлығы түгелдей шамамен 2008 жылы сандық АТС-ке ауыстырылады, және де сол кезде толығымен "112" нөміріне көшуге болады",- деп қосты Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев.

"Аталмыш мәселедегі тағы бір проблема - бұл Ішкі істер министрлігімен өзара ықпалдастық. Егер шұғыл шақыру бойынша Ішкі істер министрлігіне қоңырау шалатын болса, онда бүгінде оны барлық қалаларда құрылып жатқан жедел басқару орталығымен байланыстыру керек, бұл тағы бір жылға созылады", - деп атап көрсетті Қуанышбек Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны