08.05.2008, 10:22 4706

Қазақстан ұстаздарының біліктілігін синергетикалық әдістеме көмегімен арттырады - Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан ұстаздарының біліктілігін синергетикалық әдістеме көмегімен арттырады - Білім және ғылым министрлігі

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ұстаздарының біліктілігін синергетикалық әдістеме көмегімен арттырады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Ұстаздардың инновациялық қызметінің механизмдері Ақтөбе қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық семинарда талқыланды. Іс-шара ұстаздардың біліктілігін арттыру жүйесінде синергетикалық әдістемені (өзін-өзі ұйымдастыру теориясы) жүзеге асыруға арналды.

"Биоэнергетика және синергетика" технологиясының авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорының кеңесшісі Федор Вассерман білім беру тәжірибесіндегі синергетикалық әдістемені талдап талқылайтын уақыт жетті. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл білім беру процесін айтарлықтай жетілдіруге көмектеседі", - деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, синергетика әдістемесі Ақтөбе қаласының мектептерінде қазіргі күннің өзінде пайдаланылып жатқандығы хабарланған. Семинарға қатысушылар қаланың жетекші оқу орындарында болып, аталмыш әдістемені қолдану тәжірибесімен танысты.

"Семинар 2006 жылы Алматы қаласында болған білім және ғылым қайраткерлерінің бірінші халықаралық конференциясында басталған жұмыстардың жалғасы іспетті", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны