22.07.2008, 17:28 3042

Қазақстан вице-премьері жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды

Қазақстан вице-премьері жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды

Шымкент. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Мақтаарал және Шардара аудандарында жүр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алдымен вице-премьер тамшылап суару тәсілін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатқан Арыс ауданында болды. "Жаңа Ақдала" РМК "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ мемлекеттік компаниясымен бірлесіп, осы технологияның көмегімен 8 мың гектар даланы шығымдылығы жоғары жеміс-көкөніс өсетін алқаптарға айналдырмақ ниетте.

Биыл 150 гектер жер игерілді. Қазір онда бай қызамық түсімі жиналуда. "Бір гектарға екі мың доллар шығын шығуға тиіс. Бұған кез-келген шаруа қожалығының шамасы жетеді. Осындай технологияны кеңінен қолдану қажет", - деді вице-премьер.

Бұдан кейін вице-премьер Көксарай су реттегіші салынып жатқан жерге келді. Одан кейін Мақтаарал ауданының орталығы Жетісайға ұшып кетті. Онда Ө.Шүкеев әкімдікте су қамтамасыздығы, гидромелиоративтік құрылғылардың ахцуалы жөніндегі мәселелер бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Дихандар өз тауқыметтерімен бөлісті.

Кеңестен кейін вице-премьер бірқатар шаруа қожалықтарында болып, Шардара су қоймасына 2500 гектар жерді суару үшін су жіберетін насосты станцияға барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны