14.09.2006, 16:54 2781

Қазақстан жағы Өзбекстанмен арадағы мемлекеттік шекарада жеңілдетілген тәртіппен өткізу бекеттерін құру мәселесін дәйектемекші

ШЫМКЕНТ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан жағы Өзбекстанмен арадағы мемлекеттік шекарада жеңілдетілген тәртіппен өткізу бекеттерін құру мәселесін дәйектемекші. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Исақ Оспанов хабарлады.

"Мемлекеттік шекарадан жеңілдетілген тәртіппен өткізетін бекеттер құру мәселесі еліміз бен өзбекстандлық шекарашылардың келісіслген іс-әректеіне тікелей байланысты. Көршілеріміз біздің ұсынысымызды қабыл алады деп сенеміз. Осындай бекеттер құру туралы бастаманы аудан тұрғындары көтерген. Олар кем дегенде осындай 8 бекет құруды сұрап отыр. Қазір бір-бірімен жиі араласып тұратын шекаралық аймақ тұрғындары небәрі 3 тексеру-өткізу бекеті арқылы қатынайды. Бұл шекаралық режимді бұзуға түрткі болуда",- деді ол.

Қазақстанның Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін шекарасының ұзындығы 170 шақырымды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны