18.03.2011, 16:02 3974

Қазақстан Жапониядағы АЭС апаттан кейін радиациялық мониторингті күшейтуді қолға алды

Қазақстан Жапониядағы АЭС апаттан кейін радиациялық мониторингті күшейтуді қолға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Жапониядағы АЭС апаттан кейін радиациялық мониторингті күшейтуді қолға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауныша, Қазақстан жер сілікінісі мен цунамиден кейінгі жапониялық"Фукусима" АЭС-тегі апаттан кейін радиациялық мониторингті күшейткен.

"Жапониядағы атомдық электр станциясында (АЭС) болған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) аумақтық МСЭҚ департаменттеріне қоршаған ортаның табиғи гамма-фоны жағдайының мониторингін күшейту туралы тапсырма берді", - деп айтылған баспасөз баянында.

Хабарламада көрсетілгендей, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі қоршаған орта объектілерінің радиациялық қауіпсіздігінің жоспарлы мониторингін жүргізеді. Мониторингті барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары (бұдан әрі СЭСО), олардың аудандық филиалдары жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасы аумағында ағымдағы жылдың 1-16 наурызы аралығындағы радиациялық жағдай қалыпты күйде, табиғи гамма фонның жоғарылауы, сондай-ақ атмосфералық ауаның және жауын-шашынның сынамаларында радиоактивтік ластану тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.

Жалпы республика бойынша 2010 жыл ішінде жауын-шашынның 280 сынамасы, атмосфералық ауаның 140 сынамасы радиоактивтілікке зерттелді, радиациялық ластану тіркелген жоқ.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының 2011 жылғы 16 наурыздағы деректері бойынша Жапонияның АЭС-нан радиацияның басқа елдердің аумағына жаһандық таралуы анықталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны