20.09.2017, 16:50 4450

Қазақстан ЖИТС-ке қарсы күресуге арналған халықаралық грантты алуға дайындалуда

Грантты елдіӊ үш қаласында іске асыру жоспарлануда: 2019 жылдыӊ екінші жартыжылдығынан бастап Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында, жалпы бюджет - 4,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 19-22 қыркүйек аралығында Женева қаласында (Швейцария) ЖИТС-ке (СПИД), туберкулезге және безгекке қарсы күресуге арналған Жаһандық Қорды (ЖТБЖҚ) қаржыландырудыӊ 2018-2020 жылдарға арналған өтінімін әзірлеу жөніндегі жұмыстық кездесу өтуде.

Жұмыстық кездесуге ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтыӊ, ЖТБЖҚ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардыӊ Қазақстандық Одағыныӊ қызметкерлері қатысып жатыр.

2018-2020 жылдарға арналған өтінім халықтыӊ осал топтары (ХОТ) (есірткі тұтынушы адамдар, секс жұмысшылары, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер) арасында АИТВ жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру сызбаларын жүзеге асыруға арналған қаржыландыру мен іске асырудыӊ механизмдерініӊ нормативтік-құқықтық базасын нығайтуға бағытталған.

Грант - ХОТ қолжетімділігін кеӊейту үшін және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардыӊ профилактикаға, күтімге және қолдауға қолжетімділігін арттыру үшін әлеуметтік келісімшарттар жүйесін институционалдау жолымен АИТВ-инфекциясыныӊ таралушылығына мықты ұлттық күресті құру үшін елге қажет.

- Жаӊа грантты жүзеге асыру аясында ҮЕҰ арқылы ХОТ пен АӨА арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асырудыӊ тиімді үлгісі жасалатын болады деп болжануда. 2020 жылға қарай жаӊа грант есебінен профилактикалық бағдарламалармен есірткі тұтынушы адамдар - 60%, жезөкшелер -80%, гомосексуалистер -20% және АӨА 90% қамту орын алмақ. Ол жағдай тұрғындардыӊ осы топтарын күтіммен және қолдаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардыӊ емделуге бейілділігін жақсартады және жалпы АИТВ-инфекциясы індетініӊ қарқынын төмендетеді, - дейді ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтыӊ бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Грантты елдіӊ үш қаласында іске асыру жоспарлануда: 2019 жылдыӊ екінші жартыжылдығынан бастап Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында, жалпы бюджет - 4,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

Осы күндері Женевада жаӊа гранттыӊ өтінімін рәсімдеу егжей-тегжейлі талқылануда: іс-шаралар, бюджет, орындалу индикаторлары, жүзеге асыру сызбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны