02.04.2012, 12:21 3404

Қазақстан жүрекке бірегей операциялар жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына кіріп отыр

2011 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта алғаш рет жасанды жүректі имплантациялау жөніндегі бірегей технология енгізілді, - деп хабарлады Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан жүрекке бірегей операциялар жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына кіріп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта алғаш рет жасанды жүректі имплантациялау жөніндегі бірегей технология енгізілді, - деп хабарлады Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен.

"2011 жылы емханада соңғы буынның Heart Ware қондырғысы имплантацияланды. Осының арқасында Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялық операциялар жүргізуші әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кірді",- делінген холдинг хабарламасында.

Бүгінгі таңда Орталықта қан айналымының қосымша 7 түрлі қондырғысы имплантацияланды. Ағымдағы жылы Орталық осындай 30 аппаратты имплантацияламақ.

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіреді. Қазіргі таңда Орталық Орта Азия аумағында алдыңғы қатарлы емдеу мекемесі атанып отыр. Мұнда заманауи кардиология, кардиохирургия және интервенцияның барлық саласы қамтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны