05.04.2007, 10:03 2960

Қазақстан журналистер ұйымдары дайындаған БАҚ туралы заң жобасы парламент қарауына алдағы жұма күні ұсынылмақ

АЛМАТЫ. 5 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан журналистер ұйымдары дайындаған бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасы парламент қарауына алдағы жұма күні ұсынылмақ. Бұл туралы Қостанайда аяқталған Қазақстан журналистерінің Конгрессі атқару комитетінің көшпелі мәжілісінде мәлім болды,-деп хабарлайды Коммерциялық телевизиялық арна /КТК/.

"Бұл заң жобасының жасалып жатқаныны екі жылдан асты. Бұл осымен парламентке үшінші мәрте ұсынылмақшы. Бұған дейін екі рет толықтырулар енгізу және техникалық қателерін түзету үшін кері қайтарылған болатын. Бұл жолғы нұсқада барлық олқылықтардың орны толтырылды дейді заң жобасын жасағандар,-деп хабарлайды КТК.

"Біз мүмкіндігімізше парламентке түсінікті болуға тырыстық. Бұл заң жобасы қазіргі қолданыстағыдан біршама оңтайланған. Үкімет пен жергілікті билік органдарының БАҚ қызметіне араласпауын қадағалайтын арнайы бап қосылды",-деді Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев.

Оның айтуынша, жобада ақпаратты алу мен таратудағы еркіндікті сақтау туралы ережелер, БАҚ монополияға айналдыруға жол бермеу жайы қарастыралған. Құжатта теле-радио хабарларын таратуды ұйымдастыру мәселелері реттеліп, БАҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтатуға қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, сөз бостандығын асыра пайдалануға қарсы шаралар күшейтіліп, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орай бап қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны