10.10.2006, 14:02 3471

Қазақстан журналистерінің конгрессі журналистер конфедерациясын құруды ұсынады

АЛМАТЫ. 10-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан журналистерінің конгрессі журналистер конфедерациясын құру жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Қазақстандағы барлық журналистік ұйымдарды біріктіріп журналистер конфедерациясын құруды ұсынамын...

АЛМАТЫ. 10-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан журналистерінің конгрессі журналистер конфедерациясын құру жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстандағы барлық журналистік ұйымдарды біріктіріп журналистер конфедерациясын құруды ұсынамын... Біз тек бірігу арқылы ғана өзіміздің кәсіби мүдделерімізді, БАҚ-тардың мүддесін шынайы қорғай аламыз",- деп мәлімдеді бүгін Қазақстан журналистерінің Ү конгрессінде сөз сөйлеген конгресс атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

Д.Назарбаева осы жазда елімізде БАҚ туралы заңға демократияға мүлдем қайшы түзетулер енгізілгенін еске салды. "Біз БАҚ туралы заң бойынша жеңіліс таптық, бірақ біз ақырына дейін күрестік және біздің ұстанымымызды баршасы танып мойындады. Біз түсіп беруге тиіс емеспіз. Біздің мақсатымыз - БАҚ туралы жаңа заңның жобасын ілгерілете түсу үшін күш біріктіру. Біз бұл мәселеге қайта айналып соғуға мәжбүрлеуге тиіспіз, біз ешқашан шегінбейміз. Бұл жерде еліміздегі барлық журналистік бірлестіктер, саяси партиялар мен мәжіліс депутаттары күш біріктіре әрекет етуге тиіс",- деді конгресс атқару комитетінің төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны