19.04.2016, 16:04 3895

Қазақстанда 1000-нан астам локомотив жазғы жұмыс режиміне дайындалуда

Қазіргі уақытта көктемгі комиссиялық тексеріс электровоздар мен тепловоздардыӊ жазғы тасымалдауға дайындықтарын жіті тексеруде, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1000-нан астам локомотив жазғы жұмыс режиміне дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1000-нан астам қазақстандық локомотивтер жазғы жұмыс режиміне ауысуда.

Қазіргі уақытта көктемгі комиссиялық тексеріс электровоздар мен тепловоздардыӊ жазғы тасымалдауға дайындықтарын жіті тексеруде, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ.

"Техникалық және өртке қарсы жай-күйі бағаланып, қажетті құрал-саймандардыӊ болуы тесерілуде. Қыстан кейін барлық тораптардыӊ, механизмдер мен жүйелердіӊ және аспаптардыӊ беріктігін, жарамдылығын, жұмысқа қабілеттілігі мен қауіпсіздігін жіті бақылап отырмыз. Толық және жартылай бояу жұмыстары жүргізіліп, салқындату жүйелері қалыпқа келтірілуде, майлары ауыстырылуда. Парктіӊ 70%-ы комиссиялық тексеруден өтті", - деді "Локомотив" АҚ президенті Марат Шәкенов.

Жылжымалы құрамды әр локомотив депосында құрылған комиссия тексереді. Комиссия төрағасы болып локомотив деполарыныӊ директорлары мен айналым деполарыныӊ орынбасарлары тағайындалады. Олардыӊ міндеттері - анықталған ақауларды жою жұмысын ұйымдастыру. Тексеріс нәтижесі актте көрсетіледі.

Электровоздар мен тепловоздардыӊ сапалы техникалық дайындығы желіде толассыз жұмыс жасауға, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге жол ашады.

Көктемгі комиссиялық тексеріс ағымдағы жылдыӊ 31 мамырына дейін жалғасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны